Кей өңірлерде қарантинді жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болған – Елжан Біртанов

Кей өңірлерде қарантинді жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болған – Елжан Біртанов

Кей өңірлерде қарантинді жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болған – Елжан Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болған. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында Елжан Біртанов осылай деді.

Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз баяндамасында кейбір өңірлерде қарантин шараларын жеңілдету коронавируспен ауырғандар санының көбейуіне себеп болғанын атап өтті.

Осыған орай кей өңірлерде шектеу шаралары күшейтілмек.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне өңір бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтуді, оның ішінде шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», — деді Е. Тоғжанов.

https://www.inform.kz/kz/key-onirlerde-karantindi-zhenildetu-koronaviruspen-auyrgandar-sanynyn-kobeyuine-sebep-bolgan-elzhan-birtanov_a3657734

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *