ТАРИХИ ТУРИЗМ МЕКЕНІ — ТҮРКІСТАН

     Қазақстан –  ежелгі цивилизацияның мекені. Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Түркістан  облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Өңірде көрнекті орындармен қатар, тарихи ескерткіштерімен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тарихи ескерткіштер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Түркістан – республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие Шымкент қаласының солтүстік-батыс жағында 160 шақырым қашықтықта орналасқан қала. Түркістан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектуралық ескерткіштері бар. Отанымыздың көптеген тарихи және мәдени мұра ескерткіштері шоғырланған аумақ. Бұл жерде ежелгі қалалар, кесенелер, ғибадат орындары орналасқан. Көптеген ғасырлар бойы осы жерлермен Қытайдан Еуропа мен Таяу Шығысқа, атақты Жібек жолы арқылы керуен жолдары өтті. Өңіріміз көптеген киелі  орындар мен тарихи ескерткіштерге бай. Бірқатар тарихшылардың айтуынша 2200 жылдық тарихы бар қаланың негізгі мақтаныштарының бірі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

 Жалпы, облыста туристік саланың басым бағыттары емдік-сауықтыру туризмі, тарихи-танымдық туризм, спорттық-экологиялық туризм болып табылады. Көне Түркістан қаласын әлемдік деңгейдегі тарихи-мәдени орталық ретінде дамыту үшін «Көне Түркістан» концепциясы жасалынды. Концепцияның негізгі мақсатттарының бірі – туристік индустрияны дамыту. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облысымызда 2016 жылы қалаға 1 млн 60 мың турист келсе, 2017 жылы 1 млн 144 мың турист келді. Осы туристерге көрсетiлген қызмет түрлерінен 5 млрд 300 млн теңге табыс түсiп, туризмнiң үлесi қала экономикасының ұлғаюына өз пайдасын тигізіп отыр. Қазіргі таңда қала халқының саны 263 мыңнан асады. Ал 2018 жылдың 5 айында 520 765 зияратшылар мен туристер келді. Оның 10 435 адам алыс-жақын шетел азаматтары. Туристерді орналастыру және оларға көрсетілген қызметтердің құны 45,0 млн теңге болды. Бұл туризмнің үлесі қала экономикасының ұлғаюына өз пайдасын қосып отыр. Келген қонақтардан 5 айда 2005,9 млн теңге қаржы түсті» — делінген Түркістан қаласы әкімдігінің мәлімдемесінде.

     Туристiк нысандарды көбейту және сервистi жетiлдiру бойынша заманауи үлгідегі 3 бірдей қонақ (Евразия, Ханака, Алтын ұя) үй iске қосылып, қалаға келген қонақтарға жоғары деңгейлi сапалы қызмет түрлерін көрсетіп жатыр.

Түркістан қаласы діни орталықтардың бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып есептеледі. Сонымен атағы әлемге жайылған кесенеге зиярат етіп келетін, сәулетіне тамсанып жететін туристердің саны жыл өткен сайын артып келеді. Түркістан қаласы әкімдігінің таратқан мәліметіне сәйкес, туризм саласы қаланың негізгі табыс көзіне айналып келеді.

  (Диаграмма -1)

Оңтүстік Қазақстанға биыл 128 мың турист келген- http://www.dalanews.kz

Түркістанға туристер ағылуда — https://turkystan.kz/

Түркістан әкімдігі — http://ontustik.gov.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *