ШОЛАҚҚОРҒАН — АРҚАМЕН АРАДАҒЫ АЛТЫН КӨПІР
2017 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік ауыл округі» номинациясын Созақ ауданы Шолаққорған ауылы жеңіп алды. Созақ ауданы — Түркістан облысының солтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 41,0 мың км² (облыс жерінің 35,0%-ын қамтиды). Тұрғыны 52,1 мың адам. Халқының 99,9% қазақтар құрайды. Аудан аумағындағы 36 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы – Шолаққорған ауылы.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев бейбітсүйгіш саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Созақ ауданында осы жылдар ішінде артта қалған ауданнан, өндірісі өркендеген еліміздегі алдыңғы қатарлы аймаққа қосылды. Елдің бірлігі мен ынтымағының ұйытқысы болып отырған созақтықтар елдің ертеңі үшін еңбек етіп келеді. Бүгінде біз алдына нақты мақсат қойған, бағыт бағдары айқын тәуелсіз елміз деді өз сөзінде.
Былтырғы жылды табысты қортындылап, қай салада болмасын ауыз толтырып айтарлықтай табысқа жетті. Бірнеше жаңа құрылыстар аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Спорт пен мәдениет саласы да айрықша даму үстінде. Ауыл шаруашылығы бойынша мемлекеттік бағдарламалар толықтай орындалып, алға қойған межені бағындырды. Білім беру, денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базасы жақсарды. Бала шетінеу азайып, ана өлімі тіркелген жоқ. Жаңдан жолдар төселіп, ауылдардың инфроқұрылымы даму үстінде. Өндіріс пен ауыл шаруашылығы саласында бірнеше серпінді жобалар қолға алынды.
Аудан көлеміндегі барлық клуб мекемелерінде 48 құрылым жұмыс жасап келеді. Оның 1 – Халықтық атағы бар «Созақ Халық театры» ұжымы аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде орналасқан. Жыл сайын көркемөнерпаздар ұжымдары мен үйірмелер халыққа қызмет көрсетіп, аудан мерейін көтеруде. Облыстық кітапхана қоры бүгінгі таңда — 348 249 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 211 723 мың дана болды. Тілдерді дамыту аясында және ынталандыру мақсатына «Ана тілі және отбасы» жобасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар, «Қазақстан халқының тілдері күніне» орай семинар кеңес өткізу дәстүрге айналған. Семинарға қазақ, орыс, өзбек, шет тілдер мұғалімдерін толық қатыстыру қолға алынған.
Ауданның халқы:
- 7934 адам (2009)
- 9,2 мың адам (2012)
- 11 462 адам (2016)
- 17 462 адам (2017 жыл)
http://sozak.gov.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1583&Itemid=176&lang=kz