ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ЖАСТАР ҮЛЕСІ АРТУДА

Бүгінде республика тұрғындарының 4,5 миллионнан астам жастар болса, оның ішінде 18 пайызы немесе 800 мыңға жуығы Түркістан жастары. Сондықтан да жергілікті билік, өңір жастарын қоғамдық жұмысқа тартып, тұрақты жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарып келеді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша мамандығы жоқ азаматтар мен еңбек нарығының сұранысына орай 12 159 азамат мамандық алса, оның ішінде «Әр ауылға өз шебері» акциясы аясында ауылдардағы бірінші кезектегі қажетті мамандар тізімі нақтыланып, 15 мамандық бойынша 9253 азаматқа кәсіптік білім берілді, олардың 5 150-і жастар. Оңтүстік өңіріндегі 306 өндіріс орындарында 20 мыңға жуық жас тер төгуде. Мысалы, «Әлем БТ» шұлық зауыты ұжымының 90 пайызға жуығы жастар қатарынан құрылған. Ал «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Бал текстил» ЖШС, «Стандарт цемент» ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Атамекен» корпорациясы» ЖШС 50 пайызынан астамы жастар.

Ж.Түймебаев: «Жастар — еліміздің болашағы. Ел ертеңі – жастардың қолында. Сіздер өздеріңіздің ауқымды жұмыстарыңызбен, қарқынды қимылдарыңызбен еліміздің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне үлкен үлес қосып жүрген жас буынсыздар. Бүгінде сіздер қоғамдағы қозғаушы күшке айналдыңыздар. Олай дейтініміз елімізде жастар саясатына ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір жаңа ұрпақ өмірге өзімен бірге жаңа леп, жаңа ахуалды қоса әкеледі. Бұл обьективті құбылыс».

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *