ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР АЗАЙДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР АЗАЙДЫ

slider

Бүгінде Түркістан облысы онкоглогиялық аурулар бойынша республикада соңғы 17-орында тұр. Кешенді жоспардың арқасында қатерлі ісіктен өлім-жітім бойынша да республикада 16-орында. Бұл облыстағы онкологтар қауымының ең үлкен жетістігі.

Өткен жылы Түркістан облысы бойынша, сүт безі қатерлі ісігінен 72210 әйел, жатыр мойны ісігінен 67453 әйел, ал тік ішек қатерлі ісігінен 82533 адам скринингтен өтті. Скринингпен қамту — 100%. Бірақ, бұл алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін мекемелердің орасан зор еңбегінің арқасында жүзеге асты.

Айта кетейік, 4 ақпан бүкіл дүниежүзілік қатерлі ісікпен күресу күніне орай, Түркістан облысының барлық аудандық ауруханалары мен емханаларында қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Нәтижесінде 360 адамға онколог, маммолог, гинекологтың кеңесі берілді. 152 адамға УДЗ жасалды, ал 25 адамға асқазанға эндоскопиялық тексеру жүргізілді, 47 әйелдің жатыр мойнынан жағынды алынды.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *