«ҚАРА АЛМА» ТАУ-ШАҢҒЫ БАЗАСЫ
Жамбылдықтардың таудан төмен қарай шаңғымен құлдилай сырғанайтын күні де алыс емес. Өйткені өңірде «Қара алма» тау шаңғы базасы салынып жатыр, дейді Тараздық Балагүл Мақатова. Іскер әйелдің айтуынша кешен Әулие ата өңірі мен Түркістан облысының шектесетін табиғаты әсем тау бөктеріне орналаспақ. Шаңғы басзасы Тянь-Шань тауын бөктерлей жатқан «Көксай» шатқалы мен «Ақсу–Жабағлы» табиғи қорығының ортасына орналаспақ. «Шақпақ баба» асуы да сол маңда. Ең бастысы шаңғы базасы салынатын жерде ақ ұлпа қар мамырға дейін жатады екен. Мега жобаны өз көзімен көрген облыс әкімі Асқар Мырзахметов тау бөктерінде қардың ұзақ уақыт жататынын естіп, бірден кешенді саламыз, деп кесіп айтты, дейді кәсіпкер. Қазір ол маңға инфрақұрылым тартылып жатыр. Тау-шаңғы кешені Еуропалық стандартқа сай салынбақ. Жалпы бұл жоба Тараздықтардың ғана емес күллі Қазақ халқының мақтанышы болады,дейді Балагүл апай. Өйткені ол жердің табиғаты әсем. Жыл он екі ай демалуға болады. Қыста ақ ұлпа қарына сырғанайсың. Ал, ерте көктемнен қара күзге дейін саф ауасымен тыныстайсың. Тараздан да алыс емес. Негізі тауға шығуға құмартатын жандар үшін тіпті керемет. Бұл маңда Тянь-Шань тауының төбесін қар басқан талай шыңы бар. Қазір әйтеуір шыңдарға ат бергіш болып алдық қой. Бұл үрдіс біздің облыста да жалғасын тапса деймін. Әулиеатадағы киелі жерлердің атын шыңға берсе керемет емес па. Байқасам бұл да бір спорттың жақсы дамыған түрі екен. Міне қай жағынан алып қарасаңыз да тау шаңғы базасының халық үшін берері көп. Негізі кешенге баратын жол менің иелігімдегі жердің ортасын бөле жарып өтеді. Өзгелер сияқты жерімді бермеймін, деп шіреніп отырсам да болар еді. Бірақ кешен салынатын болды дегенді естіген соң бірден келістім. Өйткені ол ел болашағы үшін жасалып жатқан игі іс. Оның игілігін халық көреді. Бірі бизнес ашады екіншісі тау табиғатын тамашалап, серуендеп, дем алады. Негізі бұл менің көптен бері ойымда жүрген мәселе еді. Өзім «Көксай» қазақ ауылы жобасын қолға алғаныма біраз уақыт болды. Соның арқасында әйтеуір нәпақа тауып, бала шағамды аяқтандырдым. Қазақ жерінде өткен ЭКСПО көрмесіне де атсалыстым. «BAITEREK TRAVEL CENTER» EXPO 2017 ресми туроператоры болып шетелден келген қонақтарға туристік саяхат ұйымдастырдық. Қазақ хандығының негізгі қаланған шу бойындағы ежелгі Тараз қаласынан бастап Әулиеата өңірін көне Түркістан қалаларын аралаттық. Бұл кешегі Ұлы Жібек жолының бір тармағы болып саналады. Түркістанды айтпағанда Жамбыл облысының аумағындағы Батыс-Түрік қағанатының алғашқы саяси орталығы болған көне Тараз қаласы, Қарахан мен Сұлтан Махмұдхан, Айша-Бибі кесенесі және «Көксай» шатқалы мен «Ақыртас» сарай кешені өзгелерден ерекшелеу, табиғаты әсем, тарихы бөлек.
Мен сол шатқалдың бойына «Көксай» Қазақ ауылын салдым. Бірнеше Алты қанат ақ үйлер бар. Киіз үйдің өзі Қазақтың мәдениеті мен өркениетін көрсетеді. Ата бабаларымыз сол кездің өзінде қоленердің негізін қалап кеткен.
Киіз үйдің жасалуы мен оны көмкеретін әсем киіздер мен белдеулердің өзі мыңдаған ою өрнектің жиынтығы.
Шаңырағы бірлік пен бекемдікті, керегесі тұтастықты,. Ал уық биік еңсені көрсетеді. Ондағы оюлы киіздер мен бедерлі текеметтерді жасау қазір екінің бірінің қолынан кел бермейді. Жас кезімізде өзіміз апа әжелерімізден кілем тоқып текемет басуды үйреніп өстік. Сол кездегі бойымызға сіңген қазақилық қасиеттің арқасы болса керек әлі күнге дейін руһым жоғары. Соны өскелең ұрпаққа бүгінгі буынға үйретсем деген арманым бар. Бұл бір жағынан жасыратыны жоқ бизнес әрине. Дегенмен меніңше Елбасымыз айтып жатқан «Рухани жаңғыру» деген нағыз осы болса керек әрине.
Біз бала кезімізде азаннан кешке дейін жұмысқа етене араласып жүретінбіз. Тіпті көрші үйге барып әжелермен бірге ән салып киіз,текемет тебетінбіз. Илеуі қансын, деп кешке дейін бой-бойымыз шығып терлеп текемет тебетінбіз. Әжелеріміз әр түрлі өсиеттір мен халық әндерінғ қисса-дастандарды жатқа айтып отыратын. Міне бойымызға ұлттық рухты солай сіңіріп өстік. Ұлттың құндылықтарымызды осылай үйрендік. Қазір жаһандау заманы, дейді. Қатардан қалмаған жақсы әрине. Бірақ бүгінгі ұрпаққа өткен тарихы мен ұлттық болмысын ұмытуға жол бермеуіміз керек. Жастардың бойында ұлттық құндылықтарды үйренуге деген құлшыныс жоғары. Сол апа әжелеріміз сияқты асарлатып жүн түтіп, жіп иіріп,оны бояп,кілем тоқып киіз басып жатса жас қыздар үйренеді әрине. Ал, ұлдарға ағаш шеберлері мен ұсталар, атбегі, құсбегі тағы басқа толып жатқан атаулар тіпті болмаса ауыл ақсақалдары қанатты сөздер айытып білгенін үйретсе міне нағыз ұлтты руһ. Осы шетелдіктер әлем кезіп өзге елдердің тарихы мен мәдениетіне қызығып жатады. Біз сол қолда бар өзгелерде жоқ құндылықтарымызды осылай жалғасақ. Бүгінгі ұрпақтың бойына ата дәстүр, салт санамызды сіңірсек қана Мәңгілік ел болатынымызға сенемін.
Көп сөйлеп басыңды ауыртып жібердім ба. Негізі айтайны дегенім Жамбыл облысы Асқар Мырзахметов келгелі түледі. Түрленді. Барлық салады ілгерілеушілік бар. Облыс орталығын айтпағанда аудан ауыл-ауылдарды жандандыру қолға алынды. Халыққа керегі биліктен қолдау ғана. Ар жағын қарапайым шаруа өзі айтпасаң да жасайды. Өйткені күн көру керек. Қазір үкімет асырайды, деп қол жайып қарап отырған жан жоқ. Барлығының күйбің тіршілігі бар. Тек жұртқа комуналдық қызметтерді жеңілдетіп моралдық қолдау болса жетіп жатыр. Жалпы бұл жағымпаздық емес шын ниетім. Жамбылда талай жылдан бері қордаланған мәселелер шешімін тауып жатыр. Облысымыздың экономикасы өсе бермек. Ауылшаруашылығы жетіліп келеді. Тараздағы жалпы Әулиеатадағы тың тірліктерге жұрттың өзі куә. Халықтың өзі төреші. Әлі ақ жұрт «Қара алмада» шаңғы теуіп мәз мәйрам болады,дейді Тараздық іскер әйел Балагүл Мақатова.
МӘНСҮР