Қазақстан бай адамдардың саны бойынша ТМД-да екінші орында тұр

Қазақстан бай адамдардың саны бойынша ТМД-да екінші орында тұр

Ал әлемдік рейтингте алғашқы орында АҚШ тұр.

Қазақстан бай адамдардың саны бойынша ТМД-да екінші орында тұр

ERNUR.KZ. Knight Frank консалтингтік компаниясы активі (байлығы) 30 миллион доллардан асатын адамдар туралы мәліметтер жариялады. 2020 жылы олардың саны 31 мыңға жеткен, деп жазады holanews.kz. ТМД елдерінің ішінде бірінші орында Ресей тұр. Елде ауқатты адамдардың саны тоғыз мыңға жуық. Ал 660 супер-бай адамы бар Қазақстан екінші орында тұр. Бұл тізімге Украина (382), Түркіменстан (104), Беларусь (28), Тәжікстан (16) және Өзбекстан (12) енген. Ал әлемдік рейтингте алғашқы орында АҚШ тұр. Онда 240 мыңнан астам бай адам бар. Содан кейін 61 мың адаммен Қытай жайғасқан. «Келесі бес жыл ішінде біз UHNWI-нің өсуін болжайтын боламыз (өте бай адамдар саны). Алдағы жылдары олардың үлесі 27 пайызға артып, 649 мың адамды құрайтын болады», — деп атап өтті басылым.

http://ernur.kz/kazakstan/kazakstan-bai-adamdardyn-sany-boiynsha-tmd-da-ekinshi-orynda-tur

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *