Күнінен суы ыстық Көксарай!

Көксарай

Түркістан облысы Отырар ауданында күнінен суы ыстық Көксарай деген елді мекен бар. Далада мый қайнатар аптапты ыстық болса бұл ауыл халқының ішіп отырған ауыз суы одан да ыстық. Ауа райы сынап бағанасында + 35 ,40 градусты көрсетсе, ауыз су жерден + 70,80 градус болып шығады. Су құдды бір жердің астынан өздігінен қайнап шығып жатыр деуге болады.Шәй қойып та әуре болмайсың,тек шәй салып демдеп іше берсең болады. Атам қазақтың «Аузы күйген үрлеп ішер» деген сөзі дәл осы ауыл тұрғындарына айтылған ау.Өйткені жұрт әлі күнге сол ыстық суды салқындатып ішугі мәжбүр болып отыр.Оның өзі қолы жеткені.Отырар ауданындағы ауылдға ел тәуелсіздік алғалы бері бірнеше рет ауыз су құбыры тартылды.Тіпті көк жәшік қойылып, есепту құралдарына дейін орнатылды.Бірақ құбырдан тамшы су ақпады. Халық игілігін көрген жоқ. Облыс әкімдігінің баспасөз орталығы таратқан мәліметке жүгінсек өңірде орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған 200-ден астам ауыл бар екенін.Түркістан облысында 2020 жылға дейін орталықтандырылған ауыз сумен қала тұрғындарының — 97 пайызы, ауылдық елді мекендер 62-пайызға қамтылмақ. Облыстың даму жоспарына сәйкес, алдағы 3 жылда 84 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланған. 2018 жылы ауыз су саласына 11,0 млрд.теңге бөлініпті. Бір өкініштісі жыл сайын ауыз суға деп қыруар қаржы бөлінсе де Көксарай тізімнен тыс қалып келеді.Шілдеде тағы қаралады, деп еді.Бұл жолы да тым-тырыс.Жұртқа үйіп төгіп уәде беретін халық сенім артқан өкілдерде де үн жоқ.Ауыл үшін жаға жыртысып отырған халық қалаулыларын да көрмедік. Айтпақшы жұрт облыс орталығы Түркістанға көшкеніне иек артып отыр.Өйткені ауыдан көне қаламен іргелес жатыр.Тым болмаса қаладағы дүкен тоңазытқышынан салқын су сатып алып, танауымыз қанғанша су ішетін болдық, деп қуануда.Ауылдағы ағын су да өзекті.Ерте көктемде гектарлап жер жыртып, қауын егуге бар қаржысын салған дихандар,жерде дән сеппей қайтып кеткен.Өйткені алқапқа матормен болса да шығаратын ағын су таппаған.Ал,субсидя бөлек жыр………

Көксарай
Көксарай

http://turkistantimes.kz/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *