Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасының басшысы қамауға алынды
Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов қамауға алынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Нұрлан Сыдықов қалалық Мәдениет және спорт басқармасының басшысы болып 2019 жылғы 23 тамызда тағайындалған болатын.
Нұрлан Ерболатұлы Сыдықов 1983 жылы туған, жоғары білімді, 2007 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін, 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Бұған дейін ол Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы болған. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметтерін атқарған.
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nur-sultan-kalalyik-madeniet-baskarmasyinyin-basshyisyi-309092/