“Суға батырып, аяғын сүйгізген“: Екі әйел 16 жастағы жасөспірімді қорлады деген күдікке ілінді
“Суға батырып, аяғын сүйгізген“: Екі әйел 16 жастағы жасөспірімді қорлады деген күдікке ілінді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы облысында екі әйелдің кәмелеттік жасқа толмаған баланы ұрлап әкеткені туралы ақпарат тарады. Жасөспірімді азаптап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсетіп, бопсалағаны туралы айтылған, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
«Әйелдер қызды ұрып-соғып, денесіне темекі шоғын басып, өзенге батырып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасап, қол-аяғын сүюге мәжбүрлеген және осының барлығын видеоға түсірген. Сондай-ақ олар бұл видеоны таратпау үшін үш миллион теңге талап еткен», — делінген ақпаратта.
Алматы облысының Полиция департаменті бұл деректі растап, күдіктінің ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Полиция кәмелетке толмаған балаға қатысты дене жарақатын келтіру және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Екі күдікті әйел де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады ведомство.

