Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты

 

Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты


Криштиану Роналду баспен гол салу жөнінен рекорд орнатты Фото: sports.kz

Португалия құрамасы мен саудиялық «Аль-Наср» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду ресми матчтарда баспен соғылған гол саны жөнінен рекорд орнатты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Сhampionat.comсайтынан мәлім еткеніндей, португалиялық ойыншы клубтық араб чемпиондары кубогының топтық бәсекесінде «Монастирмен» өткен бәсекеде (4:1) гол соқты.

Осылайша, Роналду ресми ойындарда баспен 145-гол соғып, кезекті рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін үздік көрсеткіш неміс шабуылшысы Герд Мюллерге (144) тиесілі еді. Испаниялық Карлос Сантильян (125) үшінші орында.

Роналду «Аль-Наср» командасында биылғы қаңтардан бері доп теуіп келеді. Келісімшарт 2025 жылға дейін есептелген. Өткен маусымда Криштиану 20 матчта 14 гол енгізіп, екі нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» «Хан Тәңірі» командасымен тең ойнағанын жазған болатынбыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *