ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ
ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДА ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСКЕН БЕЙНЕРОЛИККЕ ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРІЛДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер Серік Таласов қатысты.

Қала әкімінің орынбасары А.Мамытбековтың айтуынша, қалалық Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаға бейнероликтер жасау бойынша 8 млн.теңге қарастырылған.
– Мемлекеттік сатып алу конкурсында бес бейнеролик пен бес сценарий бойынша 6,2 млн.теңге ұтып алған. Қазіргі таңда орындаушыға 3 млн.теңге аударылған. Оның ішінде бір бейнероликті жасау үшін 1 млн 250 мың, 2,5 млн.теңге 2 бейнероликті дайындауға және 5 сценарий бойынша 3 млн.теңге аударылған. Аталған бейнероликтердің мақсаты жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу, бос уақытын тиімді өткізу және ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталған. Жалпы қала әкімі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан бейнеролик жөнінде хабардар. Мұрат Дүйсенбекұлы арнайы тапсырма беріп, бүгінде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Тексеру қорытындыларын алдағы уақытта арнайы жариялаймыз. Ал мақсатты бейнероликтерді дайындау барысында заң аясында оны бақылауға алуды жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары Алмасбек Кеңесбекұлы.

Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаевтың мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жатқан бейнероликке жергілікті бюджеттен қаржы қаралмаған. «TALAS FILM» киностудиясымен әріптестік меморандум жасалғанымен, аталған бейнероликті түсіру туралы нақыт келісім болмаған. Яғни, Жастар ресурстық орталығы тарапынан роликтің сценариі бекітілмеген.

Сондай-ақ, брифингте режиссер С.Таласов аталған бейнеролик жайлы өз ойын білдірді.
– Бейнероликте қателік бар шығар. Бірақ біздің түпкі мақсат – қазақтың ұлттық тəрбиесін сақтап қалу. Яғни, бейнеролик осы мақсатпен түсірілген. «Тəрбие тал бесіктен». Өзімнің өсіріп отырған үш қызым бар. Олардың келешегі мені алаңдатады. Сол себепті қоғамның кейбір осындай келеңсіз тұстарын ашық көрсете отырып, қаз қалпында жеткізгіміз келді, – деді С.Төребекұлы.
Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Фото: А.Әссанди
https://bestadalafil.com/ — cialis daily Zylued Viagra Wann Einnehmen Vfqtva best generic cialis Buy Meloxicam Online Australia https://bestadalafil.com/ — Cialis Aqtoqw buy generic cialis fast shipping