Арыстағы оқ-дәрілерді жою кезінде 1,7 миллиард теңге ұрланған

Арыстағы оқ-дәрілерді жою кезінде 1,7 миллиард теңге ұрланған

Экономикалық тергеу департаменті «Қазтехнология» АҚ 1,7 миллиард ұрлау дерегіне қатысты тергеу жұмысатырын бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© Тұрар Қазанғапов

Тұрар Қазанғапов

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Қазтехнология» АҚ Арыс және Отар әскери бөлімдерінде әскери құрылғыларды сатуда, сынықтар мен металл сатуда 1,7 миллиард теңге ұрланғаны туралы дерек анықталды», — дейді Нұр-Сұлтан қаласының экономикалық тергеу департаменті тергеу бөлімінің басшысы Болат Қамитов.

«Қазтехнологияға» қатысты қылмыстық істің кезеңі ұзақ — 2013 жылдан бері. Алайда біз тергеуді енді бастағандықтан ақпаратты жариялауға болмайды», — деді Болат Қамитов.

«Қазтехнология» АҚ оқ-дәрілерді жою және патрон шығарумен айналысады. Компанияның жалғыз акционері «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы.

https://kaz.tengrinews.kz/crime/aryistagyi-ok-darlerd-joyu-keznde-17-milliard-tenge-urlangan-305786/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *