ТҮРКІСТАНДА ЕСІРТКІ САУДАЛАҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Түркістан облысында марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды. Күдіктілердің үйін тінту кезінде есірткі салынған 20-дан астам сіріңке қорабы табылған . Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары есірткі затын өткізді деген күдікпен облыс орталығының тұрғындарын ұстаған. Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы марихуана сатумен айналысып келген. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 100 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен «Есірткілік және жүйкеге әсер ететін заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауға алынып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті жұп есірткіні сақтау және өткізу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін» делінген ТО ПД Баспасөз орталығы таратқан хабарламада.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *