ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ҚАУЫНЫНА РЕСЕЙДЕ СҰРАНЫС МОЛ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ҚАУЫНЫНА РЕСЕЙДЕ СҰРАНЫС МОЛ
Возможно, это изображение 2 человека и арбуз
Биыл Жетісай ауданында 79,3 мың гектар алқаптың 45,5 мың гектарына мақта, 19,6 мың гектарына бақша, 2,9 мың гектар жерге көкініс, 5 мың гектарға дәндік жүгері және 5,3 мың гектар жерге малазықтық дақылдары егілген.
Возможно, это изображение арбуз и текст
Бүгінде жиналған 24,5 мың тонна бақша өнімдерінің 11,9 мың тоннасын қарбыз, 12,5 мың тоннасын қауын құрап отыр. Бақша дақылдарының өнімдері ауданның ішкі нарықтарымен қатар шет елдерге де экспортталып жатыр.
Возможно, это изображение 2 человека и арбуз
Қызылқұм ауылдық округінің тұрғыны Шәкен Ілесұлы да соңғы 10 жылға жуық уақыттан бері диқаншылықпен айналысып келеді. Биыл да жылдағы әдетпен ерте көктемде қауынның «Аэропорт» сортын егіп, өнімін жинауға кіріскен. Енді сұранысқа сәйкес Ресей Федерациясының Мәскеу, Самара қалаларына, Беларусь еліне экспорттап жатыр.
Возможно, это изображение 8 человек и текст
– Биыл қауынымыз жылдағыдан сәл кештеу пісті. Қазір сұраныс та жаман емес. Ойдағыдай өнім алуда ағын судан қиыншылықтар болғанымен, тапшылық сезілмеді. Енді маңдай терімізбен өндірген өнімдерімізді Ресейге экспорттап жатырмыз. Ол жерде баға жақсы екен. Ешқандай делдалсыз өнімді егістік басынан өзіміз көліктерге тиеп берудеміз, – дейді диқан.
Возможно, это изображение 2 человека и арбуз
Возможно, это изображение 2 человека и арбузВозможно, это изображение 4 человека и фрукт
Өткен жылы 15,2 мың гектар алқапқа бақша дақылдары егіліп, 417,8 мың тонна өнім алынған. Жетісай ауданында биыл 19,6 мың гектарға егілген бақша дақылдарынан 525 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Қазір қауыннан гектарынан орта есеппен 281 центнерден, ал, қарбыздан гектарына орта есеппен 260 центнерден өнім алынуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *