Президент жаңа оқулық шығаруды тапсырды
Президент жаңа оқулық шығаруды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеуді тапсырды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президент «Егемен Қазастан» газетінде жарияланған мақаласында айтты.
Алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде «Абайтану» курсын оқыту мәселесін қолға алу керек. Жаңа философиялық және саяси ұстаным тұрғысынан «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясын әзірлеу қажет. Сондай-ақ Абайдың «толық адам» ілімі жан-жақты әрі терең зерттелуге тиіс.
Біз Абайды ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзін сөйлеген данышпан ретінде әлемге танытуымыз керек. Сонымен қатар оны ұлттық сананы жаңғыртуға зор ықпал еткен рухани реформатор ретінде дәріптеуге міндеттіміз.
Түптеп келгенде, әрбір қазақ Абаймен мақтануға тиіс! Халқымыздың ұлы перзентінің торқалы тойы құтты болсын!», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.