АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ

Қазақстанда жыл сайын 1 қазан Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Осыған байланысты, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Тұрсынбековпен бірге ішкі істер органдарының 54 ардагерін құттықтауға барып қайтты. Оның екеуі – Мамбетов Марат Сұрағанұлы және Шерметов Еркін – Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген ардагерлер. Барлық ардагерлерге ақшалай және естелік сыйлықтар, гүлдер мен грамоталар табысталды.

Әр үйде Шымкент қаласының Полиция департаменті мен ардагерлер кеңесінен келген қонақтарды үлкен қуанышпен қарсы алды. Ардагерлер ІІО-дағы қызметін, жолдастары мен өткен күндерді еске алды. КСБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Алым Садықов ардагерлерге құттықтау сөздін айтып, «біз өз халқына, мемлекетке және азаматтарымызға қызмет ету үшін өз өмірлерін қиған ардагерлер мен әріптестерімізді ешқашан ұмытпаймыз», — деп атап өтті.

Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрсынбеков Сержан Оразұлы «сіздердің ішкі істер органдарындағы ерліктеріңіз бен адал қызметіңіз қазіргі полиция қызметкерлерінің үлгісі болып табылады. Белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз, сарқылмас күш-қуат пен орасан зор ерік-жігерлеріңіз жас ұрпақ үшін патриотизмнің лайықты үлгісін көрсетеді. Сіздер ішкі істер органдарында көп жылдар бойы адал қызмет атқардыңыздар. Осы күнге дейін жастарыңызға қарамастан ішкі істер органдарының жас қызметкерлерінің ісіне қолдау мен көмек көрсетуді жалғастырудасыздар» — деген сөздермен барлық ардагерлеріне алғысын білдірді.

Ардагерлер үшін Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрында мерекелік спектакль ұйымдастырылды. Ардагерлер Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлеріне және ардагерлер кеңесінің төрағасына алғыстарын білдірді.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *