Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Т.Шералиевтің атына арнайы оқу бөлмесі ашылды
Қазақстан Республикасының ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында оның түлегі, қылмыскерлерді ұстау барысында 23 жасында ерлікпен қаза тапқан Тайыр Нақыпжанұлы Шералиевтың атына арнайы оқу бөлмесінің ашылуы еске алу кешімен басталды. Кешке Тайыр Шералиевтың ата-анасы, Қазақстан Республикасының ІІМ Кадр саясаты департаменті, Шымкент қаласы және Түркістан облысы Полиция департаменттерінің басшы құрамы, Шымкент қаласының прокуроры, Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы, Шымкент қаласының ІІО ардагерплер кеңесі, генералдар,Әл-Фараби ауданының әкімі, Нұр Отан партиясы Шымкент қаласы филиалының бірінші орынбасары, 6506 әскери бөлімінің командирі, БАҚ өкілдері қатысты.
Осындай бейбіт елдің батырларын кейінгі жас ұрпаққа үлгі ете отырып, қызмет барысында түрлі сынақтар мен жауапты сәттердің болатынын ұғындыру және патриотизмді қалыптастырып, мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында оқу бөлмесі ашылды.
Ел тыныштығы үшін өз басын қатерге тіккен азаматтардың ерлігін насихаттау, оларды ұлықтап отыру, полиция қызметінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету, қоғамның полиция қызметіне деген сенімін жоғарылата отырып бұқарамен жақындастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау – негізгі мақсатымыз болғандықтан, ерлікпен қаза тапқан ерлерді ұмытпайық!
Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі