Шымкент полицейлері бір күнде 563 жол қозғалысы ережелерін бұзу жайтын анықтады.
Шымкент полицейлері бір күнде 563 жол қозғалысы ережелерін бұзу жайтын анықтады.
Ағымдағы жылдың 21-27 қазан аралығында Шымкент қ. Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Аталған іс-шараның бірінші күнінің қорытындысы бойынша полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 563 жайтын анықтады.
Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі «Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде рейс алдындағы техникалық қарап-тексеруден өтпеген автокөлiк құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық қарап-тексеруден өтпеген жүргiзушiнiң басқаруына рұқсат беру» бойынша – 2; ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі «мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 4; ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша -25; ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы «жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін пайдалану бойынша талаптарды сақтамау» бойынша — 35; ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы «маневр жасау ережелерін бұзу» бойынша — 12; ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы «бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушінің тыйым салатын қимылына жол жүру» бойынша — 8; ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы «жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына жүруге басымдық бермеу» бойынша — 4; ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «құжаттарсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша — 3; ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша – 30.
Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі