Қала әкімі Азия ойындарының жеңімпаздары мен бапкерлерін марапаттады
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Азия ойындарының жеңімпаздары мен бапкерлерін марапаттады. Жарыста топ жарып, ел намысын абыроймен қорғап келген спортшыларымызға құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.
Еске салсақ, 2018 жылдың 18 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында XVIII жазғы Азия Ойындарының бағдарламасына кіретін 19 спорт түрінен Шымкент қаласының 36 спортшысы қатысып, 14 спортшымыз жүлделі орыннан көрінді. Ал, жалпы есепте Қазақстан 15 алтын, 17 күміс, 44 қола медальге ие болып, 9 орынды қанжығаға байлаған.
Сонымен, көркем гимнастикадан Алина Адилханова мен Даяна Абдирбекова командалық жарыста І орынға ие болды.
Адилханова Алина жекелей жарыста І орын.
Ескек есу мен каноэда есуден
Клинова Инна 200 м. І орын, командалық төрттікте ІІ орын,
Подойникова Ирина командалық төрттікте ІІ орын,
Емельянов Тимофей, Емельянов Сергей 1000 м. жұптық жарыста ІІ орын.
Дзюдодан
Нышанбаева Севара командалық жарыста ІІ орын,
Отгонцэцэг Галбадрах ІІІ орын,
Стенд атудан
Дмитриенко Мария ІІІ орын,
Семсерлесуден
Алимжанов Эльмир командалық ІІІ орын,
Жеңіл атлетикадан
Коблов Дмитрий ІІІ орын,
Каратэден
Юлдашев Данияр ІІІ орын
Батуттық гимнастикадан
Алиев Пирмаммад ІІІ орын
Кураштан
Мұзаппаров Ерсұлтан ІІІ орынды иеленді.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ