АҚТАСТАН ЕКІ ЖҮКТІ ӘЙЕЛ ЭВАКУАЦИЯЛАНДЫ
«ӨС және АҚЖҚ» ММ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келіп түскен дабылдарға дер кезінде ден қойып, Түркістан облысының жолдарында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Созақ ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін олар Бәйдібек ауданында тағы 1 құтқару операциясын жүргізді.
28.01.2020 ж. сағат 05.30-да құрамында 3 адам және 1 техника ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары Бәйдібек ауданының Ақтас кентіне шықты.
12.04-де құтқарушылар Ақтас кентіне келіп, дәрігер науқасты қарап, «қант диабеті» диагнозын қойды. Сонымен қатар, құтқарушылар Ақтас кентінде 1984 және 1993 жылы туылған 2 жүкті әйелді эвакуациялады. Ақтас кентінің үш тұрғыны аудандық орталық ауруханаға аман- есен жеткізілді.
Шымкент қаласы ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы