ТҮРКІСТАН: ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 10 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ БАР
ТҮРКІСТАН: ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА 10 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ АЗЫҚ БАР
Бүгінгі таңда Түркістан облысына тиесілі тұрақтандыру қорында жалпы құны 954,9 млн теңгенің 10 033,2 тонна тауары бар. Оның ішінде: тұрақтандыру қорында — 3 727,9 тонна, «Айналым схемасы» шеңберінде – 6305,3 тонна. Ал нақты Ескі Иқан елдімекеніндегі қоймада 102 тонна өнім бар, қалғаны жеткізушілердің қоймасында. Бұл жайында бүгін Тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева пресс-тур аясында мәлімдеді.
«Түркістан қаласы аумағында 13 әлеуметтік дүкен мен 5 сауда үйінде («Шапағат», «Дастарқан», «Береке», «Дәулет», «Бәйтерек») 18 түрлі азық-түлік тауарлары сатылуда. Мәселен, картоп пен сәбіз — 100 теңге, пияз — 70 теңге, тұз — 42 теңге, күріш — 245 теңге, қант — 315 теңге, ұн — 150 теңге, күнбағыс майы — 700 теңге, қарақұмық — 450 теңге, жұмыртқа — 34 теңге, тауық еті — 870 теңге, қырыққабат — 110 теңге, сүт 2,5% — 265 теңге, айран 2,5% — 270 теңге, сары май – 2 500 теңге, ірімшік – 1 500 теңге, бөлке нан — 70 теңге көлемінде сатылуда», — деді Лаура Сақтағанқызы.
Азық-түліктердің аталған бағада сатылып жатқандығына БАҚ өкілдері пресс-тур аясында көз жеткізді. Сонымен қатар, әр жұмада Түркістан қаласындағы Экобазарда азық-түлік тауарлары жәрмеңкесінде тауарлар нарықтық төмен бағада тұрақты сатылуда. 2022 жылдың басынан бері 10 рет азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде 5 млн теңге сомасына 30,1 тн. тауар сатылды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі