Шымкенттің әуежайы аукционға қойылды

Шымкенттің әуежайы аукционға қойылды

Әуежайды сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін тендер жарияланған.

Сурет : e-auction.gosreestr.kz5 Қазан 2020, 11:42

Шымкент әуежайы аукционға қойылды, деп хабарлады zakon.kz.

Электронды сауда платформасының сайтында осындай ақпарат орналастырылған. Ондағы ақпаратқа сәйкес, сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру үшін тендер жарияланған.

Сауданың басталуы 8 қазанға жоспарланған.

Әуежайдың болашақ иесі үшін бірқатар шарттар тағайындалады. Мысалы:

— сенімгерлік басқару кезеңінде объектінің профилін сақтау;
— сенімгерлік басқару кезеңіне кем дегенде 6,0 млрд теңге инвестиция салу;
— әуежайдан маршруттық желіні дамыту есебінен объект ұсынатын жұмыстар мен қызметтердің көлемін ұлғайту және т.б.

https://kaz.zakon.kz/5042658-shymkentt-uezhayy-auktsion-a-oyyldy.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *