ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ӘКІМДІК» КЕҢСЕСІНДЕ МЕДИАТОРЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРЕДІ

ТҮРКІСТАН: «АШЫҚ ӘКІМДІК» КЕҢСЕСІНДЕ МЕДИАТОРЛАР ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН КЕҢЕС БЕРЕДІ
Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде тұрғындарға тегін кеңес беретін медиаторлар орталығы ашылды. Бұл бастама Түркістан облысы әкімдігі мен «ЕвроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі арасындағы меморандум негізінде жүзеге асып отыр.
«ЕвроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірованың айтуынша, Түркістан облысының тұрғындары үшін еңбек қатынасы, сот және сотқа дейінгі істер, отбасыға қатысты құқықтық мәселелер, жалпы заң саласы бойынша кеңестер беріледі.
Кәсіби заңгерлер «Ашық әкімдік» кеңсесінде әр аптаның сәрсенбісі күні сағат 15.00 мен 18.00 аралығында тұрғындарды қабылдайды. Медиатор Рақымжан Тоғайбектің мәлімдеуінше, қазір қоғамда өз құқықтарын қорғай алмайтын, түрлі мәселеге тап болған адамдар бар. Осы бастама арқылы медиаторлар тұрғындарға көмектесуді көздеп отыр.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *