Назарбаев: Татулықтың арқасында ғана сынақтардан сүрінбей өтеміз

Қазақстанның тұңғыш президенті Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде қол жеткізілген барлық жетістік қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі екенін атап өтті

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлады, Sputnik.КЗ Elbasy.kz.  сайтына сілтеме жасап. «Қымбатты отандастар! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады. Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз қол жеткізген барлық жетістіктер – Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезіне білген күллі қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі», — делінген құттықтаудың мәтінінде.

Елбасы көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналғанын атап өтті.

«Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау. Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз. Қазақстан халқының ырысты ынтымағы әрдайым жаңа белестерді бағындыруға жол ашады деп кәміл сенемін», — деп толықтырды Назарбаев.

Ол қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *