Тағы бір жантүршігерлік жол апаты: Түркістан облысында 7 адам мерт болды

Екі көлік соқтығысып, жеті адам оқиға орнында қайтыс болды, біреуі жансақтау бөліміне жеткізілді

 Түркістан облысында полиция 7 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты тергеу бастады,деп хабарлады .Sputnik.кз

Қайғылы оқиға Созақ ауданындағы Екпінді мен Бірлік ауылдарының арасында болды. Таңертеңгі сағат 11 шамасында екі көлік — «Лада Приора» мен Фольксваген Гольф соқтығысты.

Салдарынан Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындары — екі жүргізуші, сондай-ақ олардың бес жолаушысы қайтыс болды, деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

 Тағы бір зардап шеккен адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *