МҰРАТ ӘЙТЕНОВ «ЖАҢАТАЛАП» ЕЛДІМЕКЕНІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Жаңаталап елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Қала басшысы әлеуметтік мәселені толық шешу үшін Жаңаталапқа арнайы келіп, халықтың өтінішін тыңдады.
Қазіргі уақытта, бұл елді мекен xалқы ауыз сумен, сапалы электр қуатымен және көгілдір отынмен толық қамтылған болсада, жаңақұрылыс бөлігіне әлі де сапалы электр жарығы мен табиғи газ келмеген. Бұл бойынша биыл тиісті жұмыстар жүргізіліп, инфрақұрылым мәселесі толық шешіледі.
Тұрғын алабта 6 мыңнан астам тұрғын болса, оның 1600 балалар. Бұл аумақта 600 орындық мектеп бар. Осыны негізге алған Жаңақұрылыс бөлігінде тұратын тұрғындар қосымша мектеп салып беруді, көпір мен асфалть жол және шағал тас төсеп беру жайын айтты. Сонымен қатар, ақсақалдар Бадам өзені бойынан шағал тас ұрлау мәселесін көтерді.
Қала әкімі тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, сала жетекшілерімен, аудан əкімдігіне көтерілген мəселерді заң аясында қарап, шешу бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
«Бұл елді мекенде коммуналдық-инфрақұрылыммен қамту мәселесі толық шешілді десек те болады. Ендігі жерде жол сапасын жақсартып, жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, балалар алаңшасы да орнатылады. Өткен жылы екі спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілгенін өздеріңіз білесіздер. Бұл жұмыстардың барлығы халықтың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр. Қосымша мектеп салу мәселесін қарастыратын боламыз. Осында айтылған өтініштердің орындалуы өзімнің жеке бақылауымда болады. Бар күш жігеріммен қызмет етуге әзірмін»,-деді шаһар басшысы.
Жаңаталап тұрғын алабының жер көлемі 773 гектарды құрайды. Тұрғын үй саны 776. Мұнда 600 орындық 1 мектеп, 1 балабақша, 1 амбулатория мен 1 мәдениет үйі және 3 спорт алаңшасы бар.