Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны пандемияға байланысты қалай өзгерді?

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны пандемияға байланысты қалай өзгерді?

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар ҚазанғаповСурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру маусымы басталды. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Алматыда 1,5 мыңға жуық адамды шақыру жоспарланып отыр. Пандемия кезіндегі шұғыл қабылдау ерекшеліктері туралы қаланың Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы полковник Амантай Өсербаев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

Биылғы шақыру ерекше, себебі коронавирустық пандемияға байланысты өзгерістер бар. Полковник Амантай Өсербаевтың айтуынша, енді медициналық комиссия құрамына инфекционист дәрігер де енеді.

«Инфекционист дәрігер әскерге шақырылғандарда коронавирустың қандай да бір белгілері бар-жоғын анықтайды, сондай-ақ әңгімелесіп, байланыста болғандардың қатарында емес пе екенін түсінеді. Кез келген күдік туындаған жағдайда медициналық комиссиядан өту тоқтатылады. Сондай-ақ, барлығының дене қызуы өлшенуі керек. Қашықтық пен маска тағу режимі сақталады. Сонымен қатар, әскерге аттанар алдында оларды ПТР-тестілеуден өткіземіз», — деді Өсербаев.

Бас әскери комиссардың айтуынша, биыл сарбаздарды шығарып салуға байланысты салтанатты іс-шаралар да тоқтатылды. Ата-аналар қысқа уақыттық кездесулермен шектелуі тиіс. Амантай Өсербай әскердегі сарбаздардың өміріне бірқатар жаңалық енетінін де айтты.

«Біз әдеттегідей 1500-ге жуық адамды шақырамыз. Көктемде пандемияға байланысты шақыру мен әскерден босату уақытша тоқтатылды, бұл мерзімдер кейінге қалдырылды. 30 шілдеде ғана аяқталды, негізінде 30 маусымда барлығы бітетін. Алайда бұл бүкіл процеске әсер етпейді. Армияда әскери қызметшілер казармаларда тұрады, олармен тек ПТР-тестілеу тапсырған командирлер ғана байланыса алады, барлығы маскамен қамтамасыз етілген. Қазір жедел қызметтегі сарбаздардың жұмыстан тыс жерлерге шығуы шектелді», — деді ол.

Бас әскери комиссар әскери күштердің Қазақстандағы коронавирустың алғашқы толқынын қалай өткізгенін айтып берді.

«Көктем мен жаздағы науқанда біз 1500 адамға шақыру жібердік. Олардың арасында коронавирус жұқтыру дерегі болған жоқ. Себебі барлығы әскери бөлімдерге келгенде ПТР-тестілеуден өтті. Күзде де инфекцияның жұғуына жол бермейміз деп ойлаймын. Жұмысшылар арасында пневмониямен ауырғандар болды, бірақ қазір бәрі қалпына келді, қатарға қосылды, сырқаттанғандар жоқ. Кім де кімнің денесі қызып, суық тию белгілері болса, батырлық танытудың қажеті жоқ, үйде қалу керек деп айтамыз. Бұл қатаң бақылауда», — деді Өсербаев.

Сондай-ақ, полковник барлық сыбайлас жемқорлық дерегі қатаң бақыланып, жазаланатынын ескертті.

«Психологиялық тестілеуді «Ақ сұңқар» компьютері өткізеді. Ол ұсыныстар беріп, өзіне-өзі қол жұмсауға, өтірік айтуға бейімділікті анықтайды. Бұл әскерге іріктеу кезіндегі жемқорлықты жою әдістерінің бірі», — деп түйіндеді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *