Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетовтің есебін тыңдады,деп хабарлады Ақорда.

Кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономикалық өсімді қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.

Қайрат Келімбетов Президентке Қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО жұмысын жаңғырту жайын баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *