Түркістанға «Ұлттық Саябақ» Салынса
Ұлы Жібек Жолының бойынан шаңырақ көтеріп,отау тіккен Түркістан облысының орталығынан қазақилықтың исі аңқып тұратын «Ұлттық саябақ» салынса екен.Бұл жұрттың ортақ тілегі, деп ойлаймын.Онсыз да оңтүстікте құжынаған мейрамхана мен дәмхана тіпті облыс орталығына көне қалаға көшіп жатқан көшке уақытша пана болуға жарап тұрған тойхана да көп. «Тәуелсіздік» «Абай» «Жеңіс» тізе берсең атауы көп саябақ.Көне шаһарға стилі бөлек шығыс — еуропа демей Қазақи ұлттық саябақ салсақ қатып кетер еді. Онда түп-тұқияннан бастап Ұлы дала елін мекендеген данагөй, батыл да батыр,ер жүрек ұлтымыздың ұлылығын дәріптеп,тарихын айқындап, айшықтап көрсетіп беретін орталыққа айналса.Шеттен келген қонағы болсын, әлем кезген саяхатшысы болсын саясына дем алып,әрі қазақтың ұлы халық екенін естеріне салып отыратын кешен болса.Міне біздің Елбасы айтқан рухани саябақ болар еді.Әрі жұрт сол жерден тарихпен танысып, қазақтың әу бастан өркенниеті екенінен хабардар болып, қайталанбас қазақ жұртының тарихы мен әдебиетінен сусындап кетер еді.Әрі бір жүріп өтсең шаңы аспанға көтеріліп, қолқаны қабатын тозаңы мен мый қайнаттар аптапты ыстығында көптің серуен құратын мекені,әрі қаланың айналасы тұтастай көгалдандырылатын еді.
turkistantimes.kz/