Еліміздің бас экологы су мәселесін талқылау үшін Өзбекстанға барды

Еліміздің бас экологы су мәселесін талқылау үшін Өзбекстанға барды

Еліміздің бас экологы су мәселесін талқылау үшін Өзбекстанға келді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Түркістан облысының басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге Ташкентке барды.

Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Алдағы жоспар — өзбек тарапымен келіссөздер раундын өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылау» деп мәлім етті ведомстводан. Талқыланатын мәселелердің ішінде су қатынастары саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Жол картасының жобалары бар. Сонымен қатар трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы екі ел арасындағы келісім сөз болады.

https://www.inform.kz/kz/elimizdin-bas-ekology-su-maselesin-talkylau-ushin-ozbekstanga-keldi_a3668363

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *