Үкіметтік комиссияның әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр – Президент

Үкіметтік комиссияның әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр – Президент

Үкіметтік комиссияның әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссия қабылдаған барлық іс-әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар арасында індетке шалдығу оқиғалары азаймай отырғанын мәлім етті. Бұл туралы Президент Twitter-де жазды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДСҰ да растады.

Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», — деді ҚР Президенті.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша, елімізде коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 11 796-ға жетті. Оның ішінде 6240 адам сырқаттан жазылды, қайтыс болды — 48 науқас.

https://www.inform.kz/kz/ukimettik-komissiyanyn-areketine-karamastan-indetke-shaldykkan-azamattarymyz-azaymay-otyr-prezident_a3657637

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *