Мүгедектердің төбесі жылымайтын болды.

Арыс қаласы «Көктем-2» тұрғын ауданы,№8 көше бойында жаңадан салынып жатқан 3 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үйлердің сапасы қандай? Оған кім жауап береді.Көкейдегі осы сауалға мына бейне баян айтпаса да ұғынықты жауап беріп тұрғандай.

Арыс

Құрылысты салып жатқан «Құрылыс Сервис Ск» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.Тұрғын үйдің бірінші жаппасына жылу ұстап тұратын /стекловата/ шыны арласқан жүн қаптаманың орнына пенаплас салынған.Оның үстін қабыршықтай бетонмен құйып шыққан.Талап бойынша стекловата үстіне тор төселіп,қара қағазбен көмкерілуі керек.Құрылыс қыста жүргізілгендіктен қақаған аяздан балконға құйылған бетондар үсіп кеткен.Бөлмелердің арасын бөлу мен белдеу бетондары бөлек жыр,дейді қыстай қор болып әлгі компанияда жалданып жұмыс істеп, ақшасын ала алмай аяқтан тозған қызметкер.

Арыс

Бейне баян қыста түсірілген екен. Қазір ол үйлердің құрылысы бітуге жақындап қалған.Ұлкен бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлер жуырда ел игілігіне берілуі керек. Пәтерлер бірінші кезекте мүгедектер мен аз қамтылған және көп балалы отбасыларға беріледі.Сонда баспанаға зорға қолы жеткен мүсәпір жандардың жағдайы не болмақ.Тапсырыс беруші Түркістан облысындағы тоғыз жолдың торабына орналасқан Арыс қаласы.

Мәнсур

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *