ШАРДАРА: БӨГЕТКЕ КӨЛІК КІРГІЗГЕН ПОЛИЦЕЙ ЛАУАЗЫМЫНАН БОСАТЫЛДЫ
Су бөгетін қорғау басты назарда
Бәрімізге белгілі, мамыр айының 1 күні Өзбекстанның «Сардоба» су
қоймасында орын алған төтенше жағдайы қазақстандықтарға үлкен
мөлшерде шығын келтіріп, қоғам арасында алаңдатушылық тудырған.
Бұндай жағдай өңірде қайталанбау мақсатында құқық қорғау
органдары стартегиялық маңызы бар су нысандары мемлекеттік қорғалуын
бақылауға алған.
сурет әлеуметтік желіден алынған
Мәселен Шардара аудандық прокуратурасы өз аймағында орналасқан
«Шардара су қоймасына» қатысты ақпараттарға күнделікті талдаулар
жүргізіп келеді.
Осындай іс-шаралар барысында, ағымдағы жылдың 20 мамырында
стратегиялық маңызы бар және мемлекеттік күзетілетін «Шардара су
қоймасы» су бөгетіне 5 жеңіл автокөлік ресми рұқсатсыз кіріп, жол жүру
ережесін бұзу арқылы су бөгетінің зақымдануына қауіп төндіргені туралы
бейнеролик «WhatsApp» желісінде тарағаны анықталды.
Аудан прокуратураның нұсқауына сәйкес атқарылған шұғыл-іздестіру
нәтижесімен Шардара АПБ-нің жергілікті полиция қызметі жеңіл
автокөліктің жүргізушілерін анықтап, 2 жүргізушіні жол жүру ережесін бұзу
фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты (Жетісай қаласының
тұрғындары Ш.Түлкібайға ҚР ӘҚБК-нің 595-бабы 2-бөлігімен 27780 теңгеге,
А.ҚадырғаҚР ӘҚБК-нің 595-бабы 1-бөлігімен 13890 теңге айыппұл салынды).
Ал су бөгетінің қауіпсіздігіне жауапты Түркістан облысы бойынша
«Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы» ММ-нің қызметкерлеріне қатысты
аудан прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп, оның қаралу
нәтижесімен, мемлекеттік қорғалуындағы нысанға жеңіл көліктерді заңға
қайшы кіргізген полиция қызметкері атқаратын лауазымынан босатылған,
тағы үш қызметкер түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл бағыттағы қадағалау жұмыстары күшейтілді.
Шардара аудан прокуратурасы