Димаш Құдайберген Қытайдың танымал платформасында жеңімпаз болды

Димаш Құдайберген Қытайдың танымал платформасында жеңімпаз болды

Димаш Құдайберген Қытайдың танымал платформасында жеңімпаз болды

Димаш Құдайберген «Leading 2020 Sina Entertainment festival» рейтингінде үздік шетел артисі деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

7 және 28 маусым аралығында Қытайдың танымал Sina платформасында «Leading 2020 Sina Entertainment festival» жобасының қатысушыларына дауыс беру рәсімі өтті.

Ұйымдастырушылар — Sina News және Sina Entertainment. 21 күнге созылған дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш 1 млн 404 мың 488 дауыс жинап,

«Ең үздік танымал шетел артисі» номинациясын жеңіп алды. Sina (қытай тілінде: 新浪; pinyin: Xīn Làng) – қытайлық интернет-компания.

Ол дүниежүзіне қолжетімді хабар алмасу платформасын ұсынып отыр. Компанияның 4 негізгі қызмет бағыты бар: олар Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet.

Sina-ның әлем бойынша 100 миллионнан астам тіркелген қолданушысы бар. «Бүгінде Sina компаниясы және оның платформалары Қытайдың медиакеңістігі мен көңіл көтеру саласына үлкен ықпалын тигізіп отыр. Sina Weibo – Twitter-ге ұқсас, Қытайдағы микроблогинг нарығының 56,5% қамтып отырған әлеуметтік микроблог-желі. Сонымен қатар, өздерінің сүйікті айдолдарына қолдау білдіру үшін жиналатын фанаттардың ең ірі әрі маңызды платформасы. Сонымен бірге, танымал адамдар Weibo желісінде жеке аккаунттар тіркеп, шығармашылығымен бөлісіп, фанаттарымен байланыс орнатады», — делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, «Leading 2020 Sina Entertainment festival» шарасының басты мақсаты – 2020 жылдың бірінші жартысында үздік деп танылған фильмдер, телебағдарламалар, музыкалық шығармалар және варьетемен көпшілікпен бөлісу. Осылайша, артистермен және олардың жұмыстарымен неғұрлым көп адам танысып, ойын-сауық индустриясының дамуына оң әсерін тигізеді.

https://www.inform.kz/kz/dimash-kudaybergen-kytaydyn-tanymal-platformasynda-zhenimpaz-boldy_a3667165

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *