ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰСБЕГІЛЕРІ 2 АЛТЫН, 1 КҮМІС МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰСБЕГІЛЕРІ 2 АЛТЫН, 1 КҮМІС МЕДАЛЬ ОЛЖАЛАДЫ
Ақпан айының 2-7 күндері аралығында Павлодар қаласында құсбегі жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ата-баба жолын жалғаған өрендердің додасына еліміздің ең таңдаулы құсбегілері қатысты.
Сайыста Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің түлектері 2 алтын, 1 күміс медальді жеңіп алды. Атап айтсақ, қаршығалар сынында Паң Төлемырза чемпион атанды. Оның қолындағы қаршығасы қашқан аңды құр жібермей, бабында екенін дәлелдеді. Қаршығасы қалықтаған тағы бір жерлесіміз Аршабай Дидарбек 2-орынды иеленді. Ал ителгілер байқауында құсын дұрыс баптай білген Паң Төлемырза жеңіске жетті. Сөйтіп, Түркістан облысының қоржынына екінші алтын жүлдені салды. Облыстың жас құсбегілерін білікті бапкер Жомарт Кеуенов бастап барды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *