«МЕГАПОЛИС БОЛҒАН СОҢ ШАЛҒАЙ ЖАТҚАН АУДАНДАРҒА АСА КӨҢІЛ БӨЛУІМІЗ ҚАЖЕТ»

«МЕГАПОЛИС БОЛҒАН СОҢ ШАЛҒАЙ ЖАТҚАН АУДАНДАРҒА АСА КӨҢІЛ БӨЛУІМІЗ ҚАЖЕТ»

Бүгін «Асар-2» шағын ауданына барған қала әкімі Ерлан Айтаханов осылай деді.

Аталған ауданның тұрғындарымен кездескен шаһар басшысы бірнеше мәселелерді өз көзімен көріп, халықпен сұхбаттасты.

Сапалы ауыз су, табиғи газ, электр жарығы және жол мәселесін көтерген тұрғындар бұл проблемалардың ұзақ жылдар бойы шешілмей жатқандығы жөнінде назын айтты. Өз кезегінде Ерлан Қуанышұлы аталмыш проблемалармен құлағдар екенін айтып, тұрғындармен жеке кездесу үшін арнайы келгендігін жеткізді.

«Шымкент – мегаполис қала. Демек, біз мегаполиске лайықты жұмыс істеуіміз қажет. Иә, қала орталықтары әсем де көрікті болуы керек. Бірақ, ол шалғай жатқан аудандарды ұмытып кетуіміз керек деген сөз емес. Яғни, қаламыздың шалғайда жатқан аудандарына аса көңіл аудару басты міндеттеріміздің бірі деп есептеймін» деді шаһар басшысы.

Кездесу барысында Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың ең бірінші сұрап отырған ауыз су, электр жарығы және жол мәселесін келер жылдың бюджетіне толықтай енгізіп, өз шешімін табатындығын жеткізді.

«Біз ең бірінші қажет етіп отырған мәселелерді шешумен айналысатын боламыз. Қалған инфрақұрылымдар өз ретімен шешілетін болады. Халықтың әл-ауқаты мен тұрмысын көтеру басты мақсатымыз. Сол себептен де күн-түн демей еңбек етудеміз. Жұмыс жүйелі істелінуі қажет. Сонда ғана нәтижеге жетеміз» деді Е.Айтаханов.

Аралауды қорытындылай келе қала әкімі жауапты сала басшыларына жұмысты жандандырып, бұл мәселелер өзінің тікелей бақылауында тұрғандығын қадап айтты.

 

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *