ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТА 201 ТАЛАПКЕР ҰБТ-ДАН ШЕТТЕТІЛДІ
Биылғы мектеп бітірушілердің ҰБТ тапсыру мерзімі ҚР БҒМ тарапынан 2020 жылдың 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі.
Осы бағытта барлық облыстарда ҰБТ өткізуге пәрменді іс-шаралар жасалып, оның орындалуы қатаң бақылануда. Бұл шара бойынша Түркістан облысында да ҰБТ өткізуге дайындық шаралары толық жүргізілген. ҰБТ өткізуге дайындық жасау шаралары әрбір ҰБТӨП-нде қатаң бақыланып, бүгінгі таңдағы пандемияға қарсы шаралар бойынша талапкерлердің қауіпсіздігі басты назарда ұсталды. Санитарлық талаптардың қатаң сақталуы бойынша нақты жұмыстар жасалып, қажетті материалдармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі толық жүргізілді. ҰБТ өткізудің мемлекеттік комиссия құрамы бекітіліп, олардың тестілеу кезіндегі жұмыстары нақтыланды және департамент тарапынан бақылауға алынды, деп атап өтті Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ басшысының орынбасары Шербаев Құдайберген Қаипбекұлы .
Түркістан облысы бойынша 2020 жылдың 21-28 маусымы аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу процедурасына 14681 талапкер қатысуға өтініш білдірген еді. Оның 13821 (94,1%) талапкері тестілеуге қатысты,860(5,8%) талапкер белгілі себептермен тестке келмеген.
ҰБТ өткізудің қатаң талаптары негізінде 201 талапкерден емтиханға тыйым салынған заттар анықталып, тестке кіргізілмеген, сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 119 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды (барлығы 320).
Тестілеуге кіргізу барысында талапкерлерде жоғары температура анықталмады (37 және жоғары).
Түркістан облысы бойынша тестілеу шеңберінде жұмыстары жойылған, тестілеуден шығарылған ҰБТ-ға қатысушы талапкерлерменпедагог-психологтар арнайы жұмыстар жүргізді және ол жұмыстар әлі де жалғасын табуда. Бұл бағытта кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығы қорғалып, психологиялық жұмыстардың жүргізілуі толық қолға алынып отыр.
Биылғы жылғы ҰБТ өткізудегі басты ескеретін жағдай, аудиториялардағы тестілеу барысы бейне-трансляция арқылы тікелей жүргізіліп, оны кез-келген ата-ана көре алатынын атап өткен жөн.ҰБТ өткізу барысында ҰБТӨП – нің жұмыстары басты назарға алынып, ондағы қатаң талаптардың орындалуы бақылауға алынып келеді.
Түркістан облысындағы білім ұяларын биыл 24658 оқушы тәмамдады. Оның 18389-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш берген. Дәл бүгінге дейін 14681 талапкер сынақ тапсыру керек болатын. Алайда оның 860-ы тестілеуге келмеген. Оның бірнеше себебі бар.Ауырып қалғандар бар, әскерге шақыртылғандар бар, тестілеу қатаң өтеді,- деп келмегендер де көп. Биыл, ата-аналар сынақ барысын аудиторияларда орнатылған бейнекамералардан бақылап отыруға мүмкіндік алды. Алайда , техниканың істен шығуы да кездесіп жатыр,деп атап өтті Құдайберген Шербаев.
Дегенмен, кемшіліктер де жоқ емес. Атап өтсек:
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында ҰБТ өту барысында 21 маусымда сағат 12.00.-12.30. аралығы шамаларында 10 минут көлемінде бейне-трансляция үзілген.
Ал,Түлкібас ауданындағы ҰБТ өткізумемлекеттік комиссия құрамына енген білім бөлімінің бас маманы Алмас Капаров пен мемлекеттік комиссия төрағасының ауырып қалуына байланысты 23.06.2020 күннен бастап мелекеттік комиссия төрағасы міндеті білім бөлімінің бас маманы Жасұлан Райымбековке жүктелген. Алайда, осы аты аталған мемлекеттік қызметкерлер оқушыларға көмек беру барысында ҰҚК қызметкерлерімен бейнежазбаға түсіріліп, акт жасалған. Жасалған бұзушылық бойынша істі қарау үшін Ішкі істер органдарының тергеу тобы шақырылып, тиісті тергеулер жүргізілуде. Осы бұзушылық бойынша департамент тарапынанТүлкібас ауданы әкімдігіне өз құзыреті шегінде шара қабылдау бойынша хат жолданды.
Сонымен қатар,Түркістан облысында орналасқан Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы ҰБТӨП – те және Жетісай ауданы Жетісай қаласындағы ҰБТӨП-те ұялы байланыс сигналдарын тежеуіштердің істен шығуына және бейне-трансляцияның өшуіне байланысты емтихандар басқа күнге ауыстырылды. Бұл ҰБТӨП-терде талапкерлер 27 маусымда Шәуілдір ауылында және 2 шілде күні Жетісай қаласының тестілеуді тапсыруына әкеп соқты. Осылайша, тестілеу нәтижесі бойынша талапкерлер білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатыса алады.
Шардара ауданының №791 ҰБТӨП-те де бұзушылық жағдай орын алған. «Жаушықұм» мектеп-лицейінің мұғалімі 01.06.1996 жылы туылған Джанибекова Қарлығаш Нұрмағановна өз бетінше, заңсыз, тест өтіп жатқан ғимаратта жүргені анықталып, Шардара аудандық полиция бөлімінің шұғыл тергеу тобы шақырылып тапсырылған.
Ал, Арыс қаласының №825 ҰБТӨП орналасқан Н.Молдабаев атындағы мектебі ғимаратының жанында болып жатқан іс-әрекет бойынша ұялы телефонмен түсірілген бейне материалдарда тестілеудің сұрақтарын мектеп сыртына тасымалдап жүрген комиссия мүшелері түсірілген. Бұл жағдай бойынша департамент тарапынан Арыс қаласы полиция бөліміне тиісті жұмыстар жүргізу үшін хат жолданып, шара қабылдау жүргізілуде.
Мақтарал ауданындағы Мырзакент кентінде орналасқан ҰБТӨП –тегі тестілеу жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне баланысты тестілеу пункітінің жетекшісіне тәртіптік шаралар көрілген.
Арыс қаласындағы М.Шаханов атындағы жалпы орта мектеп ұжымының тестілеу бойынша ҚР БҒМ өкілдеріне тамақ ұйымдастыру бойынша заңсыз іс-әрекеттеріне сәйкес, мектеп басшысына тиісті тәртіптік жауапкершілік қаралған.
Жалпы, облыс көлемінде ҰБТӨП-тердегі барлық 189 аудитория ұялы байланыс сигналын тұншықтырғышпен, кіре беріске арналған 63 металл іздегіш құралдармен (рамкалы-22, қолға арналған-41), ҰБТ барысын бақылайтын және онлайн бейне-трансляциялауды қамтамасыз ететін бейнекамералармен жабдықталған. Сондай-ақ, мемлекеттік комиссия отыратын кабинет пен тестілеу тапсырмалары сақталатын бөлмеге де түгелдей бейне-камералар қойылған.
Биылғы жылдың ерекшеліктері талапкерлердің ата-аналары үйінде отырып та сынақ аудиторияларын онлайн бақылап отыру үшін жағдайлар қарастырылып отыр. Барлығына бейнежазба сілтемелері берілген. Сол арқылы ата-ана бейне бақылау камерадағы жазбаларды көре алады.
Бейне бақылау камераларын тек ата-ана емес, Республикалық Ұлттық Тестілеу Орталығы мамандары да тікелей бақылап, келеңсіздіктер бойынша дер кезінде ескерту жасай алу мүмкіндігі қарастырылған.
Осыған орай, алда тапсыратын барлық талапкерлердің ата-аналарына, мұғалімдеріне тәртіпсіз ел болмайтынын ескерте келе, баланың тағдырымен ойнауға болмайды, мүмкіндігінше тиым салынған заттарды үйде қалдыруын басты назарда ұстаңыздар демекпін. Сондықтан тәртіптің сақталуын бақылаңыздар!
Естеріңізге сала кетейік, биылғы пандемияға қарсы әр аудиториядағы бала саны азайтылғандықтан ҰБТ өткізу күні де лектің (поток) көбеюіне әкелді. Сондықтан әлі тестілеу шілде айының 5-і жұлдызына дейін созылады. Алдағы уақытта аталған кемшіліктердің алдын алу үшін барлық талапкерлерге тәртіп өз күшінде екенін жеткізу керек. Әр бала өз біліміне сенгені дұрыс. Біздің басты мұратымыз адал ұрпақ тәрбиелеу екенін естен шығармайық!