Адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған өзбекстандық Ақтөбеде ұсталды

Адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған өзбекстандық Ақтөбеде ұсталды

Адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған өзбекстандық Ақтөбеде ұсталды

Полиция адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбелік полицейлер кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген Өзбекстан азаматын ұстады.

35 жастағы күдіктіні «Самара-Шымкент» тас жолында патрульдік полиция ротасының жасағы қолға түсірді.

Ол Шымкенттен Ақтөбеге қарай жол тартқан. Полиция қызметкерлері оның қолындағы қапшықтан күдіктеніп, тоқтатты.

«Өзбекстан азаматының қолындағы қапшықта жеке заттарынан басқа, бұзаудың басы мен еті табылған.

Шымкент қаласынан Ырғыз ауданына қарай жүріп, жолда жайылып жүрген бұзауды жасырын түрде ұрлап кеткен.

Сойып, еттің бір бөлігін және малдың басын қапшыққа салып алған. Ұсталған азамат өз әрекетін мойындады.

Күдіктінің жеке басын тексеру кезінде полиция қызметкерлері 2016 жылдан бері іздеуде жүргенін білді.

Алматы облысының полиция департаментінің ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланғаны анықталды.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

https://www.inform.kz/kz/adam-oltirdi-degen-kudikpen-izdeude-bolgan-ozbekstandyk-aktobede-ustaldy_a3660172

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *