Өзбекстан Сардоба су қоймасын саларда Қазақстанның келісімін алған жоқ — министр

Өзбекстан Сардоба су қоймасын саларда Қазақстанның келісімін алған жоқ — министр

Қазір өзбек тарапы су қоймасы мәселесі бірлесіп шешім қабылдауға келісіп отыр. Халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, техникалық аудит жүргізіледі.

Сурет : Түркістан облысы әкімдігі10 Маусым 2020, 17:03

Сардоба су қоймасының құрылысы туралы сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Халықаралық келісімге сәйкес, Сардоба су қоймасы құрылысын бастамастан бұрын Өзбекстан Қазақстанмен алдын ала кеңесуі керек болған, бірақ олар мұны елемеген» деген ақпарат қаншалықты рас?

Бұл сұраққа жауап берген Экология министрі су қоймасының проблемасы тек Өзбекстанның ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның да экономикасы мен өміріне қатты әсер еткенін атап өтті. Сонымен қатар қатар ол екінші тараптың оны салу кезінде Қазақстанмен ақылдаспағанын айтты.

Қазір өзбек тарапы су қоймасы мәселесі бірлесіп шешім қабылдауға келісіп отыр. Халықаралық және қазақстандық сарапшыларды тарта отырып, техникалық аудит жүргізіледі. Мен бұл сұраққа жауап бере отырып, өкінішке орай, Сардобаны салу мәселесінде бізбен ешқандай келісім жүргізілмегенін айтамын, — деп атап өтті Мырзағалиев.

Айта кетейік, 1 мамырда Сырдария облысында бірнеше жыл бұрын салынған Сардоба су қоймасы жарылды.

https://kaz.zakon.kz/5026917-zbekstan-sardoba-su-oymasyn-salarda-aza.html

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *