Талдықорғанда 9 судьядан коронавирус анықталды

Талдықорғанда 9 судьядан коронавирус анықталды

Алматы облыстық сотында 9 судьядан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық соттың төрағасы Еліс Әбдіқадыров айтты, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, облыстық соттың 9 судьясынан COVID-19 анықталды. Әріптестерім дәрігерлердің бақылауында, оқшауланды. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында облыстық сот жабылды. Барлық қызметкер жеті күнге үйдегі карантинге жіберілді. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан онлайн жұмыс істеп жатыр», — деді сот төрағасы.

Оның айтуынша, соттың барлық қызметкері 9 маусымда коронавирусқа тест тапсырды.

Еске салайық, мұның алдында Алматы облыстық сотының карантинге жабылғаны хабарланған болатын.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/taldyikorganda-9-sudyadan-koronavirus-anyiktaldyi-309393/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *