ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 332 МЫҢ ТОННА ШИТТІ МАҚТА ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысы бойынша өткен жылы 134,5 мың гектар мақта дақылы егіліп, 330,5 мың тонна шитті мақта жиналған болатын. Ал ағымдағы жылы 132,7 мың гектар егіліп, болжам бойынша әр гектарынан 25 центнерден 332 мың тонна шитті мақта жинау жоспарлануда.

Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 297 бұйрығына сәйкес, мақта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылған 1 тонна өніміне 10 мың теңге субсидия төлеу жоспарлануда. Бұл бағытқа 2,7 млрд. теңге қаржы қаралып отыр.

Биылғы жылы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 78,2 мың тонна жанар-жағар май бөлініп, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген 38 мың тонна жанармай толығымен тауар өндірушілерге босатылған. Ал күзгі дала жұмыстарына бөлінген 40,2 мың тонна жанар-жағар майдың қаржысы толық төленіп, бүгінгі таңға 19,5 мың тоннасы тауар өндірушілерге босатылды. Жанар-жағар майдың ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне берілген бағасы ішкі нарықтағы бағадан 20 теңге арзан.

Облыс бойынша жиналған шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізетін 23 лицензияланған мақта өңдеу кәсіпорындарының 304 мақта қабылдау бекеттері бар. Негізінен өңделген мақта талшығының 85-90 пайызы Ресей, Беларусия, Латвия, Литва мен Қытай сынды елдеріне экспортталады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *