«Мен одан жақсы жұдырықтасамын»: Головкин жеңілісі туралы пікір білдірді
Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің екінші кезесуі төрешілердің шешімімен «Канелоның» пайдасына аяқталды. GGG кәсіпқой бокстағы спорттық мансабындағы алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Осы орайда, ол бүгінгі жекпе-жегі туралы пікір білдірді деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
T-Mobile аренасындағы кездесу 12 раундқа созылып, нәтижесіде төрешілер мексикалық боксшыға жеңіс сыйлаған еді.
«Төрешілердің шешімімен жеңіс «Канелоға» бұйырғандықтан, мен бүгін кім жеңгенін айтпаймын. Жанкүйерлер үшін жақсы жекпе-жек болды деп олаймын. Мен оған қарағанда жақсы жұдырықтасамын деген ойда болған едім», — деді Головкин.
БАҚ өкілдері осы сәтте Головкиннен «Альвареспен үшінші мәрте рингте кездесуге дайынсыз ба?», — деп сұрады. Ал ол болса «дұрыс келісім жасалса — иә» деп жауап берді.
«Канело» да тағы бір рет қолғап түйістіруге қарсы емес екенін білдірді. Ол өзін бұл кездесуде айқын жеңіске жеттім деп санайды.