ШЫМКЕНТ: 7 АЙДА 135 МЫҢНАН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН
ШЫМКЕНТ: 7 АЙДА 135 МЫҢНАН АСА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы — мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі. Бүгінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 27 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.
Басқарма мамандарының айтуынша, биыл жеті айдың ішінде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің саны 135 276-ға жеткен. Оның ішінде халыққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациялары арқылы 34 104 және 14 823-і электронды түрде, уәкілетті орган арқылы тікелей 86 349 қызмет көрсетілген. Аталған қызметтерді көрсету барысында «е-халық», «е-собес» ақпараттық жүйелерін қолданып жатыр екен.
Тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру сынды мәселелерімен жүгінген. Мәселен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 56 711, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға 11702 азаматқа жолдама берілген.
Сонымен қатар, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу – 137, мүгедектерге кресло-арбалар беру – 445, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша 3170 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі