Швейцария «Қорғас» ісі бойынша Қазақстанға 390 миллион теңге қайтарды

Швейцария «Қорғас» ісі бойынша Қазақстанға 390 миллион теңге қайтарды

© Тұрар Қазанғапов© Тұрар Қазанғапов

Швейцарияның Федерал билігі «Қорғас» ісі бойынша Қазақстанға 390 миллион теңгеден аса ақшаны қайтарды, — деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бұл ақшаның 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болғаны айтылады.

«2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 миллион теңгеден аса қаражатты Қазақстанға қайтарды», — делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 миллион теңге қайтарылған болатын.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 миллион теңгеге (1,3 млн АҚШ долларынан аса) жетті.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *