Қазақ даласында киіктер төлдей бастады

Қазақ даласында киіктер төлдей бастады

Қазақ даласындағы киіктер төлдей бастады. Жаңа туған құралайдың фотосуреттері желіде жарияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қазақ даласында киіктер төлдей бастады

«Бүгінгі күнді сүйінші сұраудан бастағым келеді. Бірнеше күн бұрын киіктер төлдей бастады. Көктемнің алғашқы құралайларын көріңіздер. Тұқым жалғастыру – әрбір тіршілік иесі үшін маңызды кезең», — дейді фотосуреттерді желіде бөліскен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Жаңа туған төл енді тіршіліктің сынынан өтуі тиіс. Әлсізі өлсе, кейбірі жыртқыштардан аман қалмайды. Тек мықтысы тіршілігін жалғастырады. Табиғат заңы осындай.

«Жыл сайын мамыр айының басында киіктер төлдейді. Төлдеу уақыты бірнеше аптаға ғана созылады. Жыл сайын дәл осы уақытта күн бұзылып, салқындайды, жел тұрады. Халқымыз оол уақытта «Құралайдың салқыны» деп атайды. Төлдеу кезінде киіктің еркегі оларды айнала жүріп, жыртқыштардан қорғайды. Ал Охотзоопромның инспекторлары мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық департаменттері де киіктерді браконьерлерден қорғайды», — дейді комитет өкілі.


https://www.inform.kz/kz/kazak-dalasynda-kiikter-toldey-bastady_a3646776

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *