ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жұмыстары атқарылуда. Бұл мақсатқа бюджеттен 938,4 млн теңге қаралған.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е. Жолдасовтың мәлімдеуінше, бүгінгі таңда бірқатар жұмыстар аяқталды. Атап айтқанда, жыл басынан бері жасанды жол кедергілері (100 м), жол белгілері (850 дана), белсенді жаяу жүргіншілер өткелі (3 дана), бағдаршам орнату (2 дана), аялдама орнату (25 дана), жол таңбаларын сызу (45 шақырым) жұмыстары орындалды.

Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан наурыз айына жоспарланған жұмыстарда бірқатар кешігулер орын алған болатын. Бүгінгі таңда, бекітілген кестеден қалыс қалмау мақсатында аталған жұмыстар жоғары қарқынмен жүргізілуде. Аталған жұмыстар сәуір айының соңына дейін толығымен аяқталады деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *