Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» іргетесы қалай қалануы керектігін айтты
Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанның» іргетесы қалай қалануы керектігін айтты. «Саяси жаңғыру стратегиясын ескере отырып экономика мен мемлекеттік басқару саласында реформалар пакетін әзірлеуге шұғыл түрде кірісу керек. «Жаңа Қазақстанның іргетасы саяси және экономикалық реформалардың үйлесімінде қалануы керек. Ол еліміздің қадамдап алға жылжып, азаматтарымыздың өмірінің деңгейі артуына мүмкіндік береді», — деген Президент Жаңа Қазақстанды ешкім сырттан келіп құрып бермейтінін қайталап ескертті. «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан, баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.