ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТКЕНДЕР: ТҮРКІСТАН. БӘЙДІБЕКТІК ҰҒЛАН  КӨМЕК БАЙЖАНОВ СТАЛИНГРАДТЫ ҚОРҒАҒАН

ТҮРКІСТАН. БӘЙДІБЕКТІК ҰҒЛАН  КӨМЕК БАЙЖАНОВ СТАЛИНГРАДТЫ ҚОРҒАҒАН

Бес жыл қырғында Сталинград қаласы үшін болған шайқас соғыстың ең ауыры болды деуге болады. Өйткені Гитлер сол кездегі одақты басқарған әскери қолбасшының есімінмен аталатын қаланы талқандау арқылы Сталиннің мысын  басқысы келді.  Алайда оның арманы орындалмады. Сол қаланы жаудан азат етуге ат салысқан жауынгерлердің бірі Түркістан облысы Бәйдібек ауданының тумасы Көмек Байжанов болатын. Жерлесіміз алғашқылардың бірі болып   «Сталинградты қорғанғаны үшін»  медалімен марапатталған.

Көмек Байжанов көзсіз батырлығының арқасында «Отан соғысы» орденінің  I және II дәрежесімен майдан даласында наградталған жерлестеріміздің бірі. Мұны ерекшелеп айтып отырғанымыз, майдан өтінде жүріп орден алған ардагерлердің қатарында «Отан соғысының» екі бірдей дәрежесін кеудесіне таққан майдангерлер санаулы.

Жерлесіміздің соғыс даласындағы ерлігі мен жүріп өткен жолдары туралы дерек өте аз. Тіпті әскери комисарияттың өзінде мәлімет жоқтың қасы. Дегенмен ол кісінің Ұлы Отан соғысында алған бес бірдей наградасы  «Сталинградты қорғағаны үшін», «Жауынгерлік қызметтері үшін»  «Батылдық үшін»  медалі мен    I дәрежелі  Отан соғысы ордені,  Отан соғысының  II дәрежелі ордені  көп нәрсені аңғартады.

90 жылдан астам тарихы бар Бәйдібек ауданының өсіп өркендеуіне үлек қосқан жандардың бірі. Қан майданға жастай аттанған жігерлі жігіт, өр мінезі мен Отанына деген сүйіспеншілігінің арқасында елге дін аман оралған. Берісі Мәскеуден сонау Берлинге дейін жаяу барып отанын жаідан азат етті. Бүгінгі ұрпаққа осындай бейбіт өмір сыйлады. Ол азаматтарға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Өйткен күндер тарих болып қалды. Дегенмен мен Көмек Байжанов атамыздың үлкен ұлындай болды. Өйткені мен ол кісінің тұңғышы амантаймен бірге оқыдым. Екеуміз шаяндағы Ұлан көшесімен балай шапқылап бірге жүріп өстік.

Көмек атаның сол кезде орталық көше бойымен ескі деп айтамыз ғой қазір Галеф шалбарын киіп алып өткенде мақтана қарайтынбыз.

Ол кісі елге оралған соң аудандық аурухана бас дәрігерінің шаруашылық жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. Әрине ол кездер соғыстан кейін халықтың қиналып, жоқ жұқа болып еңсе тіктеп жатқан кезеңі болатын. Сол қиындыққа қарамастан ауданның беделіне, өсіп өркендеуіне еңбек етті. Бір қызық деректі айта кетейін Көмек ағаның құжаттарының бірінде былай деп жазыпты.  «Қызыл әскер жауынгері  Көмек Байжан 1912 жылы Қазақ ССР Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауданы Бөген савхозының Қоғалы совхозында туылған» деген дерек бар…

Аурухана шаруашлығын тіктеді. Көліктері мен оның жатын жайларын төсек орындарын жабдықтады. Жұмысқа деген ұқыптылық пен талапшылдығының арқасында көліктер күн-түн демей сақадай сай тұратын.

Шалғай ауылдар мен қойшы қыстауынан қаншама науқасты аман есен ауруханаға жеткізілді. Тіпті елдің арасында ол кісінің өзгеге қол ұшын созуға байынтұратын аптал азамат екеніне жиі айтады. Өзі түбі шыққан Кеңес ауылында екі жастың отау құруына сеп болып, тойы мен шілдеханасына дейін өткізіп берген екен.

Енді бала кезден есте қалған естелік өзі бойышаң, киім киісі мен түр тұлғасын қарап қызығатынбыз. Ауыр мінезді көпте сөйлемейтін. Ауруханаға бара қалсақ сол кісінің шарапатын көп көрдік, десем қателеспеймін. Көмек қария жайлы ел аузында әңгіме өте көп. Бәрі жақсы жағын еске алады. Кеңес колхозы ғана емес ауданда абыройлы болды.

Отының басы өте берекелді әулет болаты. Біз әрдайым сол кісілердің үйіне өзүйіміздей кіріп шығатынбыз. Дастархандары берекелді. Пейілдері кең болатын. Құдай қосқан жанжары да апайымыз сондай тәрбиелі жарына адал, ұрпағының мақтанышы еді. Ол кісі тоқсаннан асып өмірден өтті.

Тікелей Көмек атамен сырлас қызметтес болмасам да ол кісі туралы елдің арасында тек жақсы әңгіме айтылатын. Аудандағы медицицна саласының дамуына өзіндік үлес қосқан жан.

Жолдастары өте құрмет тұтатын.  Өсірген ұл қыздары әр салада жұмыс істейді. Бір баласы спорт басқармасын басқарды аудандағы, Амантай поштаны басқарды. Кейін Жүзім совхозында істеді.

Жалпы әулет өсіп өнеген. Аудан ардагерлер кеңесін он жыл басқарған азамат ретінде ол кісінің адами қасиетін жақсы білемін.  Өлмейтұғын із қалдырған артында. Ұрпақтары да немерелері де ата тәрбиесін көрген тұлған.  Жалпы аудан халқының қайссы болмасан Көмек Байжанов туралы сұрасаңыз жақсы пікір айтады. Бұл Байжановтар әулеті жайыл үзіксыр ғана.

Бір ғана осы Бәйдібек ауданынан қан майданға 6432 адам аттанған. Соның сұм соғыстан небәрі 3200 ғана оралды. Олардың барлығы елге оралған соң ауданның өсіп-өркендеуіне экономикасының қарыштап дамуына үлес қосты. Осы ауданның негізін қалаған сол азаматтар деуге болады.

Осылай дей тұра мына жеңістің 75-ші көктемінде Ұлы отан соғысын көзбен көрген небәрі екі қария қалды.

Қазір не көп біз білмейтін елді мекендер мен көе атаулары көп. Мен аудандық ардагерлер кеңесін 10жыл басқарған азамат ретінде осы көше ауыл мектеп тіпті Аурухана атауларын сол майдангерлердің есіммен атауды ұсынған болар еді. Өйткені ертеңгі ұрпаққа олардың есімдерін осылай ұлықтау арқылы ғана жеткізе аламыз.

Ол кісілердің  атын беріп қана қоймай  жүріп өткен тарихын ел үшін сіңірген еңбегін жазып сол көшелер мен білім ұяларына не ауруханаларға іліп қоятын болсақ сонда жастар оқып біліп өсетін болады. Осыны мына билікте отырған азаматтар ескерсе. Міне бұның өзі Елбасымыз айтқан «Рухани жаңғыру» ұрпақтар сабақтастығы.

Бұл Жеңіс туын желбіреткен қариялар қандай құрметке болса да лайық., дейді Бәйдібек ауданының құрметті азаматы, Арынбеков Тілес.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *