Шымкентте коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

Шымкентте коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

680 провизорлық жатын-орын әзірленген.

Шымкентте коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ

Шымкент қаласында коронавирус инвекциясы тіркелген жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. ҚР аумағында Төтенше жағдайлар режимінің енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларының орындалуы барысы жөнінде қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Әбілхайырұлының қатысуымен денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту, еңбек және экономикалық тұрақтылық жөнінде өткен баспасөз брифингінде жарияланды. Сондай-ақ, қала аумағында төтенше жағдай режимінің енгізілуіне орай ҚР Президентінің тапсырмаларының орындалуына байланысты Шымкент қаласында арнайы штаб құрылған. «Қалада барлық талаптарға сай келетін 170 орын, 680 провизорлық жатын-орын әзірленген, 750 орынды аурухананы дәрі-дәрмекпен ұстап тұруға мүмкіндік бар. 4300 азамат дайындық жұмыстарына резерв ретінде тұр.», — деді Ербол Садыр.

http://ernur.kz/shymkent/shymkentte-koronavirus-infektsiyasy-tirkelgen-zhok

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *